Аудан тұрғындары арасында гір тасын көтеруден аудан біріншілігі жоғары деңгейде өткізілді !!!

0

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 02 тамыз күні Ленгір қаласының орталық «Жастық» стадионында «Төлеби ауданының 90 жылдығына» орай, аудан тұрғындары арасында гір тасын көтеруден аудан біріншілігі өтті.

Жарыстың мақсаты мен міндеттері;

1.Дене шынықтыру және спортты әрі қарай бұқаралық дамыту,салауатты өмір салтын насихатау;

2.Аудан көлемінде гір көтеру спортының бұқаралығын арттыру және кеңінен насихаттау;

3.Спортшылар арасында есірткіге қарсы күресті насихаттау;

4.Төлеби ауданының құрама командасын сапына жас таланты спортшыларды іріктеу және Төлеби ауданының намысын қорғайтын спортшыларды анықтау;

5.Ауыл жастарын спортқа баули отырып, дамыту;

Аталған жарысқа Ленгер қаласы, Аққұм а/о, Жоғарғы Ақсу а/о, Көксәйек а/о, Қаратөбе а/о, Қасқасу а/о, Тасарық а/о. Жалпы 30 – ге жуық спортшылар қатысты өзара мықтыны анықтады.

Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада 16 келі гір тасын көтеруден

І – орынды Рахманкулов Абай жеңіп алса, Ошаев Нурбол ІІ орынға тұрақтады. Ал, Сағат Азамат ІІІ орынды иеленді.

Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада 24 келі гір тасын көтеруден

І – орынды Керімбаев Шыңғыс жеңіп алса, Меңлібаев Мейрамбек ІІ орынға тұрақтады. Ал, Балтабаев Асабай ІІІ орынды иеленді.

Жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған медальдармен және дипломдармен марапатталды.

Жеңіс тұғырынан көрініп жүлделі орындарға ие болған спортшыларды жетістіктерімен құттықтаймыз.


ПІКІР ЖАЗУ