«Қазығұртым – киелім» атты Төлеби ауданның 90 жылдығына орай тарихи – танымдық іс – шара өтті.
Қазақ халқының ұлттық сана¬сының ерекшелігі – туып-өскен жері, өнген ортасын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз «Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген ру¬хани құндылығының ұлт¬тың қалыптасуында, дамуында айрықша рөлі бар. Киелі, қасиетті ны¬сан¬дар біздің ұлтты рухани жұтаң¬дықтан сақтайтын символдық қал¬қанымыз және ұлттық мақ¬танышымыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс.
«Қазақстанның қасиетті орындары» ретінде ерекше қастерленетін табиғи-мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сон¬дай-ақ Қазақстан халқы¬ның жадында өшпес із қалдыр¬ған тарихи және саяси оқиға¬лармен байланысты орындар.
Бүгін, киелі және тарихи – мәдени орындардың тарихымен таныстыру мақсатында Төлеби ауданының 90 жылдығына орай Төлеби аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты Кемеқалған ауылдық клубының ұйымдастыруымен «Қазығұртым – киелім» атты тарихи – танымдық іс – шара өтті.
Шара барысында ауыл әкімі арнайы қатысып, қариялар батасын берді.
Қатысушылар Кемеқалған ауылдық округіне қарасты «Ақ бура» және «Мейрам ана» киелі жерлеріне зиярат етіп, тарихымен танысты.
Осындай игі шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткені үшін ауыл әкіміне, ауыл имамдарына алғысымыз шексіз!