Нұрлы жер бағдарламасы арқылы 2-ші қосымша конкурс!
Түркістан қаласы, ӘІО орналасқан 3 бөлмелі № 1 және 4 тұрғын үй бойынша 2-ші қосымша конкурс басталуда.
⠀Түркістан қаласында орналасқан бұл тұрғын үйге өтініштер ЖАО-да үй кезекте тұрмаған, Банк салымшыларынан кабылданады.
⠀Конкурсқа өтінім беру уақыты:01.08.2022-04.08.2022 ж.ж.
⠀Шаршы метр бағасы: 180 мың тг.
Пәтерлер саны: 1
⠀Конкурсқа қатысу үшін, Өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 10% көлемінде тұрғын үй құрылыс жинағында болуы керек.
⠀Қарыз беру өтініш берушінің жинақ шотында таңдалған тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы мөлшерінде болған кезде мүмкін болады.
⠀Пәтер бойынша ақпарат:
⠀3 бөлмелі 1 пәтер – 64,12-69,36ш.м.
⠀Нұрлы жер бойынша:
Несие пайызы – 5%,
Алғашқы жарна – 20%,
Несие мерзімі – 20 жылға дейін,
⠀Отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда жылжымайтын мүлік болмауы керек.
Табыс отбасы мүшелеріне шаққанда 3,7 күнкөріс минимумынан, яғни, 138339 теңгеден аспауы қажет. Яғни отбасының жалпы табысы, отбасы мүшелерінің санына бөлгенде 138339 тг аспауы керек:
Мысалы: ері мен жұбайы екеуінің табысының қосындысы 320 000 тг болса және отбасы саны 4 адам болса 320 000:4=80 000тг<138339
Біздің мекен жайымыз:
Б.Саттарханов даңғылы 44 ғимарат