Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков «Жасыл белдеу» аймағында болды

0

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Шолаққорған- Түркістан  бағытындағы «Жасыл белдеу» аймағында болды. Көктем айында аудан әкімінің бастамасымен демеушілер есебінен Шолаққорған ауылының маңын көгалдандыру мақсатында Шолаққорған ауылынан Түркістан бағытына шыға беріс облыстық маңызы бар  жолдың екі шетінен 3 гектар жерге 3500 түп көшет отырғызылды.  Оның  2500 түп қара тал, 1000 түп гүжім талы. Тал көшеттері отырғызылған аймақ  шарбақтармен қоршалды. Бүгінде тал көшеттері толық өніп тұр. «Жасыл белдеу» аймағында әкімдікке қарасты бөлімдер мен мекемелер бақша дақылдарын қарбыз, қауын, картошка мен қияр егіп, бүгінде алғашқы өнімдерін алып отыр.

«Жасыл белдеу» аймағын аралаған аудан басшысы, ауыл округ әкімі мен «Шолаққорған су» МКК мекемесіне тазалық жұмысын жүргізуді тапсырды.

-«Жасыл белдеу» аймағын таза ұстау керек. Аудан орталығының кіре беріс қақпасының жанына қоқыс тастайтын жәшік орнатыңдар. Мұның бәрі қолдарыңнан келетін тірлік. Тал көшеттерін уақтылы суғаруын қадағалаңдар,- деді аудан басшысы.


ПІКІР ЖАЗУ