ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНЫҢ ТҮРКІСТАНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

0
Облыс орталығындағы «Керуен сарай» туристік кешенінде Сарыағаш ауданының мәдениет күндері өтті. «Түркістан текті төріміз» атты үш күндік концерттік бағдарламада «Түркістан төрінде – саялы Сарыағаш» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі, қолөнер көрмесі, аудан өнерпаздарының концерті ұйымдастырылды.
Облыс әкімінің бекітілген тапсырмасымен 2022 жылдың 4 наурызынан бастап «Түркістан – Түркі әлемінің жүрегі» атты аудан, қалалардың Түркістан қаласындағы мәдениет күндері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мәдени іс-шараға Сарыағаш ауданының зиялы қауым өкілдері, өнерпаздары және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мерекелік шарада ауданнан шыққан өнер майталмандары, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары, «Саялы Сарыағаш» этно-фольклорлық ансамблі мен «Сарыағаш» вокалды аспаптар ансамблі халықаралық, республикалық және облыстық байқау жеңімпаздары, аудандық мәдениет үйіне қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарының өнерпаздары көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ