Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

0
3

ҚР-ның “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына, ҚР “Құқықтық актілер туралы” Заңына, ҚР-ның “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы” Заңына, ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы №540 бұйрығының 102-тармағына және ҚР “Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 29, 30 баптары мен 61 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес, аудан әкімінің өкімімен Атақұлов Нұржан Жақсылықұлы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының басшысы мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалды.

Бүгін аудан әкімі Б.Асанов аппарат ұжымына жаңа басшыны таныстырып, орынтағына жайғастырды. Сондай-ақ, жаңа аппарат басшысына бірнеше мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Аудан басшысы аудан әкімінің аппараты бүкіл ауданның жүрегі екенін айтып, ауданымыздың дамуы тікелей аппараттың жұмысына байланысты екенін атап өтті.

Айта кетейік, Н.Атақұлов 1971 жылы Мақтаарал ауданында дүниеге келген. 1997 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық универистетін “агрономия” мамандығы бойынша, 2017 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1988 жылы Киров ауданы Победа кеңшарында жұмысшы болып бастаған. 1989 жылы Совет армиясының әскер қатарында қызмет етіп, 1991 жылы Мақтаарал ауданында түрлі жылдары жұмысшы, жүргізуші, оператор, аға агроном қызметтерін атқарды.

1998 жылы “MAKE-CORP” компаниясының ОҚО-ғы өкілі, 1999 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Кеден басқармасында тексеруші, кейіннен дәл осы мекемеде секретарь-референт болып еңбек жолын жалғастырды. 2008 жылы Мақтаарал ауданында “Бағдат” фермерлік қожалығында бас агроном болып еңбек етті.

2011 жылы Мақтаарал ауданының жер қатынастар бөлімінде оператор, кейіннен дәл осы бөлімде бас маман міндетін атқарушы, 2012 жылы бас маман болып еңбек жолын жалғады. 2015 жылы Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары, кейіннен Мақтаарал ауданы жер қатынастары бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді.

2018 жылдан бастап қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында жер қатынастары бөлімінің басшысы болып абыройлы қызмет етті.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ