Созақ аудан әкімі егіс алқабын аралады
Теріскейлік шаруалар егін науқанын бастап кеткеніне оншақты күннің жүзі болды. Жон бойында ауданның 77 шаруа қожалығы 8010 гектар тәліми жерге егін егіп отыр. Олар бидай, арпа, мақсары мен мал азығы дақылдарын екті. Жоңғыршқаның алғашқы ору науқаны мамыр айының соңында басталған. Қазігі таңда арпа, бидай дақылдарын орып жатыр.
Бүгін аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы, жон бойындағы Жартытөбе ауыл округіне қарасты «АманжолШ» шаруа қожалығының егіс басына барды. Онда ауыл округ қарасты шаруа қожалық иелерімен сөйлесті. «Кенеттен жауған жауын оруға аз кедергісін келтірді. Бірақ бірер күнде шашпай- төкпей жиын терінді аяқтап қаламыз»,- дейді шаруа қожалық төрағасы Ержан Сүлейменов.
Сондай-ақ аудан басшысы Құмкент ауыл округіне қарасты «Құмкент» өндірістік кооперативінің егіс басына ат басын бұрды. Егіншілермен әңгімелесті. Өндірістік кооператив төрағасы Әбдісалам Молдабеков, «Биылғы өнім жақсы. 800 гектарға дәнді дақылдар мен мал азығы егілді. Кооператив құрамында 80 тарта отбасы кіреді. 5000 бас малымыз бар. Алда ауыл шаруашылық техникаларын жаңалауды жоспарлап отырмыз»,- дейді.
Аудан шаруалары жон бойына 285 гектар бидай, 972 гектар арпа, 1127 гектар мақсары мен 5526 гектарға мал азығы дақылдары егілді.