Ауыз сумен жабдықтау жүйесінің құрылысымен танысты

0

Төлеби ауданы, Қасқасу ауылдық округі Керегетас елді мекеніндегі ауыз су құбыры құрылысының барысымен таныстым. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме “Ақмешіт Мелиоратор” ЖШС -і жүргізуде. Бүгінгі күні елді мекенге 27.0 шақырым су құбыры тартылып,110 дана құдық орнатылып, көлемі 150 куб.метрді құрайтын 2 резервуар қойылды. “Жаңғақты” бұлағы басынан су аққы тартылуда. Құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған жағдайда Керегетас және Қасқасу елді мекендерінің 140 абонент ауыз сумен қамтылатын болады.

Іс-сапар барысында Нысанбек елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесіндегі құрылыс жұмыстарының барысымен таныстым. Нысанда “СтройЖолСервис KZ” ЖШС 150 куб.метрден екі резервуар орнатып, тау бөктеріндегі “Қайнар” бұлағынан құбырлар жүргізді. Бұлақ басынан 130 диаметрлі ауыз су құбырынан 90 куб метр су келеді деп жоспарлануда. Нәтижесінде, 144 абонент тіршілік нәріне қол жеткізеді.

Барлық сумен жабдықтау жүйесіне сыртқы қоршаулар салынып, бактерицидтік қондырғылар орнатылып, орналасқан аймағында түнгі жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған қоса, аталған аймақты күзететін қызметкердің жұмыс орны салынуда. Мердігер мекемелер қосымша резервуар айналасын бетондап, жолды тегістеп, асфальт төсеу қажеттігін ескере отырып, жұмыс жүргізуде.

Ауыз су – барлық ресурстардың ішіндегі ең маңыздысы, адамзат тіршілігінің бастауы. Ауданның географиялық орналасуы, табиғи-шаруашылық ерекшеліктеріне байланысты тіршілік нәрі үнемі қадағалауда ұстауды қажет етеді. Қазіргі кезде, аудан аумағындағы бұлақ көздері мен жерасты су ресурстарына зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған мәселені түбегейлі шешу үшін қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана отырып, еңбек етудеміз.


ПІКІР ЖАЗУ