Мақтааралда заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы рейдтік іс-шара өтті
Түркістан облысы әкімдігінің “Заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөліктердің жұмысына тосқауыл қою” тапсырмасына сәйкес, Мақтаарал ауданы бойынша құрылған тұрақты мобильдік топ құрамы 2022 жылдың 5 тамыз күні заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктерге аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен бірлескен рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында 6 автобус, 11-ден астам шағын автобус көліктері (хундай, газель, спринтер т.б) тоқтатылып, құжаттары тексерілді. Тексеру барысында бірнеше қоғамдық көліктердің куәліктері, бағыттардың қозғалыс кестесі және сызбалары жоқ екені анықталды.
ҚР ІІМ ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын планшеттермен ҚР ӘҚБтК-нің “Жолаушыларды және жүк тасымалдау қағидаларын сақтамау” 593-1 баптары бойынша жалпы 9 әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.
Айта кетейік, алдағы уақытта рейдтік іс-шаралар жалғасын табатын болады.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі