Шардараның шарболаттары әлемді тағы да мойындатты

0

Түркия елінің Стамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті.

Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы Түркиялық әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.

Ал жарыстың ең басты сайысы Онғарбаев Қыдырғали мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.

Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді құттықтай отырып, бұданда үлкен байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғай берулерін тілейміз


ПІКІР ЖАЗУ