Кентау: орын алған кемшіліктер бақылауға алынды

0

Қазіргі уақытта Кентау қаласының жер асты суларының деңгейін төмендету мақсатында  II – кезеңнен тұратын жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде атқарлып жатқан жұмыс барысында бірқатар кемшіліктер анықталып, ұнғыма қазу  жұмысымен айналысушы мердігер мекемеге ескерту жасалынған болатын.

«Қаратас Майнинг» ЖШС жұмыс кезінде қаладағы саябақ ішінде тиым салынған жасыл аймақтар қазылып, кей жерлердегі жол бойына қойылған бордюрлер бұзылған болатын. Аталмыш қателіктерді жойып, осы айдың соңына дейін қайта қалпына келтірілетіндігін жеткізді мердігер мекеменің өкілдері.

Алдағы уақытта тағы да осындай қателіктер орын алатын болса, белгіленген мөлшерде айыппұл салынатыны ескертілді.

Сондай-ақ, осындай қателіктерді байқаған немесе кедергісін тудырған жағдайлар болса 109 байланыс орталығына жолдауларыңызға болады.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 11 ұңғыманың 8 ұңғымасы бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымның 3,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма сорғылары үшін 7 қосалқы электр тарату пункті орнатылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ