Арыс қаласына газ кіргізу мәселесіне қатысты хабарландыру

0

Құрметті тұрғындар!

Биыл Арыс қаласын көгілдір отынмен қамтамасыз ету басталды. Жалпы, қаланы газға қосу үш кезеңге бөлінген:

І-кезең: қаланың орталық көшелері, «Орталық», «Стадион», «Самал», «Оңтүстік», «Қалау Датқа», «Арыс-І», «Арыс-ІІ», «Саяжай-1», «Парковый» тұрғын алабы;

ІІ-кезең: «Отырар», «Шпал зауыт», «Сырдария», «Хлопком», «Наурыз», «Почтовый», «Лёд завод» тұрғын алабы;

ІІІ-кезең: «Тараз», «Онтам», «Алатау», «Саяжай-2», «Саяжай-3»,  «Көктем», «Нұрсая» («Көктем-2»), «Бала мекен», «Барыс» тұрғын ауданына газ кіргізу жоспарланған.

Қазіргі кезде ІІ-ші және ІІІ-ші кезеңдегі тұрғын ауданда орналасқан үйлер газ кіргізуге дайын.

Ол үшін аталған тұрғын ауданнан 1 мыңға жуық үй (абонент) газ кіргізу мекемесімен келісімшартқа тұруы тиіс. Ал келісім шарт жасауға төмендегідей құжат қажет.

  • үй иесінің жеке куәлігі;
  • меншік иесі немесе сатып алу шарты;
  • тұрғын үйдің техникалық төлқұжаты немесе ықшам сызбасы;
  • жер учаскесіне жекеменшік құқығын беретін акт, жергілікті атқарушы органның шешімі.

Айта кетейік, тұрғын үйге газ кіргізу мәселесіне қатысты кеңес алу мен монтаждау компаниясын таңдау, құжаттар мен өтініштерді қабылдау және сұрақтарға жауап беру немесе жалпы түсіндіру жұмыстары қала әкімдігінің жанындағы халықтық кеңседе (фронт офис) бейсенбі күннен бастап (11.08.2022 ж.) жүргізіледі.

Қосымша сұрақ туындаған жағдайда мәселені 5-92-57 немесе ұялы байланыс бойынша 8 700 405 92 57 нөміріне қоңырау шалып, нақтылауға болады.

Ескерту: жалпыхалыққа түсінікті болуы үшін кейбір мөлтекаудан атаулары жергілікті тұрғындардың ауызекі тілде айтылуы бойынша жазылды.

 Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ