Қала тұрғынын мазалаған сұрақтарға жауап берді

0

Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес, бүгін Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға Ленгір қаласы, Бейбарыс көшесі тұрғындары атынан келген Шораев Талғатбек ақсақал балаларға арналған ойын алаңшасы қажеттігін айтып, оны көше бойынан не болмаса теміржол жол маңына жақын салмауды, ол үшін көше тұрғындары арнайы орын қарастырып, әкімдікке ұсыныс беруге келгенін айтты. Сондай-ақ, көше маңындағы мазарат жанынан табиғи газ құбырлары өткенін, қазіргі кезде ол апатты жағдайда екенін, құбыр орнатылған қадалар құлауға шақ тұрғанына шағымданды. Бұған қоса, көшеге жақын маңда орналасқан кремоторийдің 2017 жылы жабылды деген қорытындысы шыққанымен әлі күнге дейін жұмысын жалғастыруда дейді көше тұрғыны.

Аудан басшысы қала тұрғынының қабылдауда көтерген мәселелеріне қатысты балалар алаңшасының құрылысы жоспар бойынша 2023 жылы жүргізіліп, кішкентай бүлдіршіндерге заманауи талапқа сай қондырғылар орнатылып берілетінін жеткізді. Ал, құлауға шақ тұрған газ құбырлары аудандық “ҚазТранГаз Аймақ» меншігінде екенін, аталған мекемеге орын алған жайтты хабарлап, реттеу жұмыстарын жүргізуді талап ететіндігін түсіндірді. Жабылды деген қорытындысына қарамастан жұмыс жүргізіп отырған кремотийге қатысты тиісті салалық басқармаларға хат жолдап, ол бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін тапсырды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ