Бәйдібек: кезекті аппарат мәжілісі өтті

0

Бүгін аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

2022 жылғы 7 айдың қорытындысымен аудан бюджетінің орындалуы, аудандағы көрнекі-үгіт құралдарды реттеу, жаңарту жұмыстары, қоғамдық-саяси ахуал, жайылымдық жерлерді қайтару жұмыстарының барысы, аудан әкімдігіне ағымдағы жылдың 7 айында келіп түскен арыз-шағым, кіріс-шығыс хаттардың орындалу барысы туралы тиісті бөлім, мекеме басшыларының есепті хабарламалары тыңдалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Бақыт Қырғызалиев орындалмай жатқан жоспарлы тапсырмалар жөнінде тиісті ауыл әкімдері мен мекеме, бөлім басшыларынан себебін сұрап, мерзімін белгілеп орындауды тапсырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ