Ордабасы: аудан басшысы Нұрбек Бадырақов Бірлік ауылына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті.
Аудан әкімімен кездесу барысында тұрғындар тарапынан ағын су, ортақ жайылым, спорт зал, жол, электр жарығы мәселесі айтылды.
Нұрбек Бақтыбайұлы Теспе көлі арқылы ауылға келетін ағын судың аздығы мәселесін шешу үшін салалық бөлім басшысына бір апта көлемінде каналдар мен су жіберу құрылғыларына жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Кездесуде көтерілген мал жайылымы бойынша аудан басшысы тиісті мекеме жауаптыларына Бадам орман шаруашылығына қарасты өзен жағалауындағы жерлерді заң аясында саралап, тез арада ортақ жайылымға қайтаруды міндеттеді.
Сондай-ақ аудан әкімі балалардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы шарт-жағдай жасау үшін алдағы уақытта стадион мәселесін саралап, облыстық басқармаға өтінім беретіндігін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі