Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне сапары барысында бірқатар ауыл шаруашылық алаңдары мен өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысты.

0

Әуелі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы бойында орналасқан «Бал-Кәусар» ЖШС-нің 10 гектар алқаптағы  жүзім бауында болып, шаруашылық төрағасымен пікірлесті.

Нұрбек Бақтыбайұлы кәсіпкерге мемлекет тарапынан қажетті қолдау көрсетуге дайын екендігін жеткізіп, Темірланға кіре берістегі Қарауылтөбе аумағын жасылдандыруға ұсыныс айтты. Өз кезегінде кәсіпкер азамат бұл бастаманы дамытуға дайын екендігін жеткізді.

Онан соң, аудан басшысы халықаралық авто дәліз бойындағы «Қазақ-Ет» ЖШС-не тиесілі 100 гектарлық павловния  бауымен танысты.

Ауданның жасыл белдеуін қалыптастыру  мақсатында аталған ағаш көшеттерін аудан орталығы мен ауылдарға отырғызуға дайын екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, аудан әкімі жеке кәсіпкер М.Утеповтың 500 бастық мал бордақылау алаңымен танысып, шаруашылық басшысын алда ауданда ашылатын заманауи  мал бордақылау кешеніне мал басын саудалауға шақырды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ