Шардара: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша семинар өтті
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша профилактикалық жиыны болып өтті.
Семинарға аудан әкімінің орынбасар Б.Шомпиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары, қоғамдық ұйымдар, денсаулық сақтау мекемелері, аналар кеңесі, әкелер кеңесі және жастар орталығының әр елді мекендегі мамандары қатысты.
Семинарда алғаш сөз алған аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ.Ілесов отбасындағы құндылықтар мен даудың алдын алу бойынша баяндама жасап, отбасының тұрақтылығын сақтау тұрғысындағы өмірлік тәжірибелерден мысалдар келтірді. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орынбасары О.Қалшабекова әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторы мен отбасылық зорлық-зомбылықтың аудандағы ахуалына тоқталып, орталыққа 51 нәзік жандылардың шағым түсіргенін жеткізіп, олармен қазіргі таңда жасалып жатқан жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы А.Данияров отбасындаңы ер мен әйелдің құқығы мен міндеттерін айтып, отбасының бейбітшілігін сақтау ережелерін қоғамға кеңінен насихаттау қажеттігін жеткізді. Бұдан бөлек, семинарда өзін өзіне қол жұмсау және отбасындағы өзгеде әлеуметтік мәселелер қозғалды.
Жиын қортындылай келе Б.Шомпиев қатысушыларға аудан бойынша отбасындағы зорлы-зомбылықтың алдын алу шараларын күшейтіп, әр ауылдық округтер мен шағынаудандардағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын күшейтуді тапсырды.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызмет