Биыл Түлкібас кентінен заманауи балалар ойын алаңшасы мен STREET WORKOUT бой көтереді

0

Түлкібас кентінтіндегі темір жолдың үстінгі беткейінен балалар ойын алаңшасы мен стрит воркаут соғу мәселесін жергілікті тұрғындар жиі көтеріп келген-ді. Аталған мәселе көп ұзамай өз шешімін таппақ. Яғни, үстіміздегі жылдың тамыз-қыркүйек айларында арнайы белгіленген орынға заманауи ойын алаңшасы және стрит воркаут бой көтермек. Бүгінгі таңда мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары алдағы аптада бастау алмақ. Белгіленген орынның айналасы қоршалып, тұрғындар ыңғайлылығы үшін отыратын орындықтар мен түнгі жарық шамдар және қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылады.

Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт бүгінгі Түлкібас кентінің тұрғындары алдындағы тоқсандық есептік кездесуінде мәлімдеді.

Сондай-ақ, аудан басшысы соңғы есептік кездесуде көтерілген мәселелердің орындалу барысына тоқталып, кент тұрғындары тарапынан ауыз су, бағаны тұрақтандыру, жер кезегінде тұрған азаматтардың өтінішін қанағаттандыру, темір жол бекетінің алдын абаттандыруға қатысты айтылған ұсыныстар мен өтініштерге Заң аясында жауап берді. Соңғы уақытта өзекті болып тұрған кенттегі ауыз-су жүйесін күтіп ұстауға жауапты «Жедел Құрылыс» ЖШС-нен сенімгерлік басқаруды «Тұраркент-су» ЖШС өткізу мәселесі бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқаның атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы кент орталығындағы П.Мырзалиев көшесі орташа жөндеуден өтіп, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылатының тілге тиек етті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ