Арыс: балаға – жұмыс, анаға – баспана: қала әкімі шұғыл шешім қабылдады

0
4

Бүгін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова азаматтарды жеке өтініштері бойынша қабылдау шарасын өткізді. Оған дербес бөлім басшылары мен саланың жауапты мамандары қатысты.

Жеке қабылдауға жалпы саны 9 азамат келген болса, оның бірі тұрғын үй құжаттарын заңдастыруды, ал енді бірі ауыз су сапасын реттеп, ауладағы спорт алаңшасын жөндеуді, жер дауы мен жұмысқа орналасу мәселесін көтерді. Бұл проблемаларға қатысты жауапты мамандарға нақты тапсырма беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, қала әкімі жиынға қатысушылармен кеңесіп, қабылдауға келген кейуана Сайлаукүл Сәдуованың мәселесін түпкілікті шешімін тауып берді. Яғни, денсаулығы сыр берсе де анасын жалғыз қалдырып, елордаға жұмыс іздеп кеткен ұлына Монтайтас ауылынан жұмыс тауып, ана мен баланың тұруы үшін қызметтік баспана берілетін болып шешім қабылданды.

Гүлжан Мамытқызы бұл тапсырманың орындалуын әкім орынбасары Алмаз Сұлтановқа жүктеді.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ