Жұмыс сапасы бақылаудан түспейді

0

Түркістан қаласының алты секторының бірі Отырар секторында 130 көше, 50 750 тұрғын бар.

Биыл тұрғындар сұранысы бойынша алабтағы 11 көшеге тас төгіліп, 2 шақырымды көшеге асфальт төселді. Жыл басынан бері 45 аялдама орнатылып, 4 көшеге жаяу жүргінші жолы салынды.

Одан бөлек, секторға қатынайтын түрлі бағыттағы 28 автобус жаңартылды.

Секторға қарасты көпқабатты тұрғын үйлер ауласында абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, автотұрақтар құрылысы жасалуда. Шағын аудандағы көпқабатты үйлер сырты сәулеттік жарықтандырумен қамтылды.

10 трансформатор ауыстырылып, 25 шақырым жолға кәріз жүйесі тартылуда. Қазан айында қосымша ауыз су құбыры құрылысы басталады.

Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында 2000 орындықты мектеп салу жоспарлануда.


ПІКІР ЖАЗУ