Өзекті мәселелер-басты назарда

0

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің секторларда тұрғындармен өткізген кездесулері барысында жаяу жүргіншілерге арналған жол мәселесі көп қозғалған болатын.

Кей жолдарға асфальт төсеу инфрақұрылым жүйелері толық жүргізіліп болған соң жүзеге асатынын түсіндірген шаһар басшысы бүгінде әлеуметтік маңызы бар нысандарға (мектеп, балабақша) жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесін шешуге кірісті.

Биыл “Шауғар” секторы аумағында 20 шқ. құрайтын 31 көшеге тас төселді. Сонымен қатар, 3 шақырымды 2 көше ағымдағы жылы орташа жөндеуден өтетін болады.

Сондай-ақ, 139,8 шқ. құрайтын 123 көшенің жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қазіргі таңда секторда 22 орынға аялдама орнатылды. 20,5 шақырымды құрайтын 19 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол төселуде, құрылыс жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде.


ПІКІР ЖАЗУ