“ЯССЫДА” серпінді істер көп

0

 

Қала әкімінің “Яссы” секторындағы наурыз және маусым айындағы кездесуі барысында 47 тапсырма берілді. Оның 35-і орындалып, 7-і орындалу үстінде, 5 тапсырманың заңдылығы түсіндірілді.

Тапсырмалардың орындалу көрсеткішіне сәйкес, 21 шақырымды құрайтын 23 көшеге тас төселді.

30,25 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жылы орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 6,3 шқ.құрайтын 5 көшеде асфальт жабындысы төселді.

Сондай-ақ, 76 шақырымды құрайтын 64 көшенің жарықтандыру жұмыстары толық аяқталып,іске қосылды.

“Яссы” секторында 20 нысанға аялдама орнатылды. Және 4,4 шақырымды құрайтын 5 көшеге жаяу жүргіншілерге арналған жол салынды.

Қаламызды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында «Яссы» секторында Көгершін және Әль-Фараби көшесіндегі ескі трансформаторлар жаңартылды. Тұрғындар өтініші бойынша Саурық батыр көшесіне қосымша трансформатор орнатылды.

Жалпы “Яссы” секторында 40 мың халық, 8177 тұрғын үй және 180 көше бар.


ПІКІР ЖАЗУ