Атқарылар іс – аяқсыз қалмайды

0

Бүгін “Бекзат” секторында өткен кездесу барысында кезегін күткен өзекті мәселелер қозғалды. Тұрғындар жыл басында айтылған бірқатар түйткілдердің түйіні тарқатылғанын айтып, қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтен келесі мәселелерді де кезегімен шешіп беруді өтінді.

Биылғы жылы «Бекзат» мөлтек ауданында жалпы жоба бойынша 100 шақырым кәріз жүйесінің құрылысы басталды. Сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында 4 дана трансформатор орнатылды.

Қазіргі таңда, сектор аумағында (Жамбыл мектебінен жоғарғы тұсы – 514 үй) электр желілерін жаңарту жобасы әзірленуде.

Балалар ойын алаңы мен спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

3 шақырымды құрайтын 4 көшеге тас төселді. Сонымен қатар 53,2 км құрайтын 49 көшенің жарықтандыру жүйесінің құрылысы аяқталды.

Барлық айтылған ұсыныс-өтініштер негізінде тапсырма жоспар түзіліп, орындалуы бақылауға қойылды.


ПІКІР ЖАЗУ