Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы жаңа заң қабылданса, ескісі күшін жоя ма?

0

Мәжіліс депутаты Гүлдара  Нұрым Ішкі істер мен  Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкіліне «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» жаңа заң қабылданған соң, «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың туралы” заңның  күші жойылатыны жайлы айтып сауал қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру міндеті Үкіметке жүктелген. Аталған заң жобасына сәйкес, бұл функция Мәдениет және ақпарат министрлігіне беріледі. Осыған байланысты бірнеше сұрақ туындайды.  Мәдениет және ақпарат министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді қалай қамтамасыз ете алады? — деді депутат.

ІІМ Ержан Сәденовтің айтуынша, профилактика мәселелерін Үкімет үйлестіреді. Бұл заң жобасында да солай көрсетілген.

Неліктен бұл функция Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілді деген сұраққа келсек, былтыр әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң қабылданған болатын. Сол жерде нақты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және отбасылық тәрбие жұмыстары Мәдениет және ақпарат министрлігінің құзыретіне берілген. Яғни, әр сала өз бағыты бойынша жауапты. Ішкі істер министрлігі де бұл жұмыстың бір бөлігіне қатысады. Үкімет жанында ведомствоаралық комиссия бар. Ол осы жұмыстарды үйлестіреді. Профилактика шаралары әр сала бойынша жүргізілетіндіктен, әр орган өз құзыретіне сай әрекет етеді,-деді Ержан Сәденов.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақовтың айтуынша, отбасылық саясатты үйлестіру функциясы Мәдениет және ақпарат министрлігіне бекітілген.

Іс жүзінде бұл жұмысты атқаратын небәрі екі-ақ қызметкер бар. Сондықтан мұндай маңызды және ауқымды бағытты толыққанды қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Осы себепті біз әріптестермен ақылдаса отырып, екінші оқылымға дейін осы норманы нақтылап, тиімді шешім қабылдау қажет деп санаймыз, — деді ол.


ПІКІР ЖАЗУ