Кентау қаласының әкімі кезекті қабылдауын өткізді

0

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға  20-дан аса тұрғын қатысып, бірқатар өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлер айтылды. Атап айтқанда, қала ішіндегі интернет жүйесінің нашарлығы, пәтер алу, білім саласы, камера орнату, жол жөндеу және әлеуметтік сала мәселелері бойынша өтініштерін жеткізді.

Қабылдау барысында айтылған әр мәселеге байланысты жауапты сала басшыларына тиісті шараларды дер кезінде қабылдау мен заң аясында қарау туралы тапсырма берді.  Сондай-ақ, қала басшысы әр тұрғынның өтінішін ескеріп, жіті бақылауында болатынын жеткізді.

Айта кету керек қала әкімі белгіленген кесте сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда. Әр қабылдауда 30-дан аса азамат әкімнің жеке қабылдауында болады.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ