Аудан аумағына 526 дана жол белгілері орнатылады

0

Мемлекет басшысының жаңа жарлығына сәйкес, аудан халқымен кездесу төрт тоқсанға бөлініп, бекітілген кестеге сай, апта сайын ауданға қарасты елді мекендерде кезеңімен тұрақты түрде өтуде. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін жеткізуде. Осы кезге дейінгі өткен басқосулардың көпшілігінде тұрғындар әлеуметтік нысандар маңына жол белгілерін орнатуды сұранып келеді.

Аталған мәселе бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқтала кетсек: бүгінгі күні аудан аумағында жол жүру қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілері, бағдаршам, түнгі жарық, жол кедергілері және бейнебақылау камералары орнатылуда.

Атап айтар болсақ, жыл соңына 526 дана жол белгілері орнатылады. Ал, Ленгір қаласындағы 5 көшеге 13,4 шқ құрайтын көктемгі жол сызығы сызылды күз мезгілінде бұл жұмыстар 2-ші рет жүргізілетін болады. Сондай-ақ, 1140 м2 жаяу жүргіншілер өткелін (зебра) сызу жұмыстары жүргізіледі. Ленгер қаласы Төлеби-Қапал батыр көшелерінің қиылысы және Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Үшетай, Д.Қонаев көшелерінің қиылысына бағдаршамдар орнатылады. Аудандық полиция бөлімінің ұйғарымы негізінде 67 мектептің алдына және 29 мекен-жайға жол кедергілері қойылады. Сондай-ақ, 23 мекен-жайға 46 бейнебақылау камерасы орнату ісі былтырғы жылы басталып, 2022 жылы 31ші желтоқсанына дейін толығымен іске қосылатын болады.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ