Кентауда еңейтілген отырыс өтті

0

Кентау қаласы әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті. Отырысқа дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары  қатысты.  Алғаш болып баяндама оқыған Кентау қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Жұмабаев қала мектептерінің 2022-2023 жылдарға оқу жылына дайындық барысын баяндады. Мектептердің жай-күй мен мамандар туралы кеңінен мәлімет берді.

Ал, Кентау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Б.Айтбаев қала және қалаға қарасты ауылдарда мүмкіндігі шектеулі жандарға жасаған жағдай туралы айта өтті. Атап айтқанда, кәсіпкерлік және мемлекеттік нысандарда пандустардың жай-күйі мен  мүмкіншілігі шектеулі жандарға ыңғайлы қозғалыс жасау.

Қала және қалаға қарасты ауылдарға табиғи газ тарту және қауіпсіздік шаралары бойынша  Кентау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Т.Қасымбеков алдағы жоспарлар мен бүгінге дейінгі атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.

Отырыста қорытынды сөз сөйлеген қала әкімі Рашид Аюпов қала тұрғындарына жайлы жағдай жасау үшін аянбай жұмыс жасау қажеттігін баса айтып, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырамалар берді.

Кентау қаласы  әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ