Ордабасы: Бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Қажымұқан ауыл округіне қарасты Қызыл-сеңгір ауылындағы жаңадан іске қосылған ауыз су жүйесі нысанымен танысты.
талмыш су нысанның құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда, ауыл тұрғындарының 50 пайызы ауызсумен қамтылып отыр. Бұл бойынша аудан басшысы ауыл тұрғындарын 100 пайыз сумен қамтылуы керек- деп тиісті бөлім басшысына тапсырма берді.
Сонымен қатар “Бозтаған” каналындағы күрделі жөндеуді қажет ететін көпірдің басына барып, жұмысымен танысты.
Мұнан соң, аудан әкімі “Қызылсеңгір” бастауыш мектебінде ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін тыңдады.
Тұрғындармен еркін форматта өткен кездесуде ауыл шаруашылығы, электр жүйесі, газдандыру, ортақ жайылым жөнінде мәселе көтерілді. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер мен ұсыныстардың бірде-біреуі қараусыз қалмайтындығын мәлімдеді.
Онан соң, Нұрбек Бақтыбайұлы Боралдай ауылындағы “Сансызбай” шаруашылығының төрағасымен кездесіп, сүтті бағыттағы шаруашылығымен танысып, кеңейтуіне мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына барынша ықпал етілетінін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі