Ордабасы аудан әкімі Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округінде орналасқан «Елнұр-Айдар» өндіріс кооперативіне барды.
2017 жылдан бері тропикалық жемістер мен алма бауын өсірумен айналысып келген шаруашылық иесі 1 гектарға анар, 3 га жерге алма, 0,5 гектарға лимон еккен. Қожалықтың іс жүргізушісі Елнұр Сейдазимовтың айтуынша бүгінгі таңда 1000 түп анар, 6000 түп алма өсіріп отыр.
Шаруа қожалығы 2019 жылы —5, 2020 жылы — 15, 2021 жылы — 20 тонна өнімін алған. Кооперативте 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Өз кезегінде аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы шаруа қожалығының кәсібіне береке тілеп, алдағы уақытта өнімдері астыққа толсын деп тілектестік білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі