Мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген ауыл

0

Биыл «Ауыл-Ел Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Балықты ауылының орталығындағы ішкі жолдардың қанағатты жағдайы 100 пайызға жетіп, көп жылдан бері шешімін таппай келген ауыз су мәселесі де толығымен шешімін таппақ.

Округ орталығындағы асфальт жабындысы төселмеген көшелерге толық асфальт төселіп, ауыз су тапшылығы орын алып отырған екі жүзден астам абонентке таза ауыз беріледі.

Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт Балықты ауылдық округі тұрғындарының алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

Сонымен қатар, биылғы жылы жергілікті тұрғындар тарапынан өткен есептік кездесуде көтерілген келесі мәселелер толық шешімін табатын болады.

Атап айтсақ:

  • Көкбұлақ ауылы, Далбай ата, Б.Момышұлы, К.Байсейтова көшелерін жарықтандыру;
  • Балықты ауылы, С.Нұртаев көшесіне аяқ жол салу;
  • Ұрбұлақ ауылы, Балықты өзенінің  мен “Кең” каналының тоғысқан тұсына көпір салу;
  • Ерубаев көшесін (жалғасын қамтитын №1,2,3,4,5,6,7,8) орташа жөндеу жұмыстары жоспарлануда.

Есептік кездесу барысында дәстүрге сай Нұрлан Мархабатұлы қысқаша аудан және округ бойынша атқарылған жұмыстар мен және алдағы жоспарларды қамтып, тұрғындардың өтініш-ұсыныстарына құлақ асты. Тұрғындар тарапынан ауыз су және балалар ойын алаңшасын соғуға қатысты өтініштер айтылып, аудан әкімі тарапынан нақты жауаптарын алды.

Кездесу соңында ауыл тұрғындары округ аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл және аудан әкімдігінінің қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.

Аудан басшысы да жиынды пайдалана отырып округ тұрғындары мен жомарт жанды азаматтарға округ аумағында атқарып жатқан игі істері үшін алғысын білдірді.

Айта кетейік, биылғы жылы Балықты ауылдық округінде екі кіші футбол алаңшасы мен Шарафкент ауылының кіре-беріс екі жақтағы қақпасына ауыл тумаларының демеушілігімен елді мекен атауы жазылған стеллалар орнатылып, ауыл көркін ашып отыр.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ