Шардара аудандық мәслихатының кезекті ХХ сессиясы өтті.
2022 жылғы 12 тамыз күні жетінші шақырылымдағы Шардара аудандық мәслихатының кезекті XХ сессиясы өтті. Сессия алдында, аудандық мәслихат хатшысы Арман Қарсыбаев әріптестерімізге арнайы келген Қоғамдақ өмірдегі, әлеуметтік желідегі, іскерлік және қайырымдылық шаралардағы белсенділігі үшін 2021-2022 жылдың қорытындысы бойынша Шардара ауданы бойынша Бектасов Дәулетбек Төлбасыұлы мен Асылбеков Ғалымжан Серікұлына «Біздің депутат» республикалық газетінің «Үздік депутат» номинациясы бойынша төсбелгілері мен куәліктерін тапсырды.
Сессияға жетінші шақырылымдағы аудандық мәслихатқа сайланған 15 депутаттың 12 тікелей қатысып отырды және сессия жұмысына аудан әкімі, қала, ауыл әкімдері мен дербес бөлім басшылары, бюджеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, сессия отандық Aytube каналында онлайн-трансляцияланып тікелей көрсетілімі жүргізіліп отырды. Сессия жұмысын аудандық мәслихат хатшысы Арман Қарсыбаев ашып, жүргізіп отырды.
Сессияның күн тәртібінде төмендегі мәселелер ұсынылып қаралды.
- Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі.
- Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2021 жылға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі.
- Достық ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Ұзыната ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі.
- Ауданды көгалдандыру мен аббаттандыру және санитарлық тазалығы мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебі.
- Шардара қаласының көшелеріне атау беру туралы.
- Шардара ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2022 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 маусымдағы №27-158-ІІІ «Аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №6-39-ІV «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №37-246-VІ «Шардара ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2006 жылғы 20 маусымдағы №27-157-ІІІ «Шардара ауданы, Шардара қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 21 тамыздағы №18-119-V «Шардара ауданы, Көксу ауылдық округі, Көксу ауылының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы №22-139-V «Шардара ауданы, Ұзын ата ауылдық округі, Ұзын ата ауылының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2019 жылғы 6 наурыздағы №38-250-VI «Шардара ауданының жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Шардара аудандық мәслихатының 2008 жылғы 26 наурыздағы №6-40-ІV «Аудандық халық денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Шардара ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
Хабарламашыларға аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданып, атқарылған жұмыстарға депутаттар тарапынан оң баға берілді. Күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша мәслихат депутаттары қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Сессия соңында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай қорытынды сөз сөйлеп, аудандағы атқарылған және атқарылуға тиісті жұмыстарға шолу жасап, алдағы уақыттағы жоспарлармен бөлісті.