Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қаладағы атқарылып жатқан құрылыс барысын аралады
Қала әкімі Жандос Тасов ең алдымен қалада құрылысы жүріп жатқан Құралбаев көшесіндегі жол құрылысын бақылады. Бүгінгі таңда, аталмыш көшеде сметалық құжаттамаға сәйкес, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Онда автомобиль жолын асфальт жабындысы алынып, жолдың денгейіне дейін қиыршық таспен тегістеу, жаңа асфальт салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, су ағар және аяқ жол салу жұмыстары атқарылуда.
⠀Бұдан бөлек, қаладағы кәріз сорғы станциясында болып, ондағы қәзіргі жағдайын қарап шықты. Тозығы жеткен станцияға бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары басталған. Онда сорғылар мен құбырларын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Кентау қаласының жер асты суларын тиімді пайдалану мақсатында қаладағы бұрыңғы су ағар арналар толықтай жөндеуден өтіп, бетондалған. Қазіргі уақытта 11 ұңғыманың 8-і бұрғыланып, толығымен отырғызылған. Су бұру бойынша 5,5 шақырымның 3,5 шақырымын монтаждау жұмыстары жүргізілді. Ұңғыма сорғылары үшін 7 қосалқы электр тарату пункті орнатылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Қала басшысы Жандос Қалмұрзаұлы қаладағы «Шұғыла» мөлтек ауданындағы 6, 7, 8 көшелерінде бастау алған инженерлік инфрақұрылым құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысын бақылады. Құрылыс жұмыстарымен жол бөлігі бойынша бас мердігер мекеме «ПК Шымкентдорстрой» ЖШС-гі анықталып, тиісті жұмыстарды атқаруда.
Қаладағы әрбір атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын бақылап шыққан қала басшысы, тиісті салаларға сапаға мән беру керектігін, ұдайы жіті бақылап отыруды тапсырды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі