Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиналысқа қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары, ауыл әкімжері және мекеме басшылылары қатысты. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды.
Аппараттық жиының бірінші мәселесінде жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету шараларың барысы бойынша Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Айтбаев баяндады. Бүгінгі таңда жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 19,3 мың , жалдамалы қызметкерлер 51,1, өзін-өзі қамтыған – 18,4 мың адамды құрады. Қысқа мерзімді кәсіптік және жұмыс орнында оқытуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 153 жұмыссыз азаматтарды оқыту жоспарланған. Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап 110 жұмыссыз азаматты “Еңбек” ақпараттық жүйесі арқылы онлайн оқыту және 43 азаматты қыркүйек айынан бастап үш ай мерзімге оқуға жолдау жоспарлануда.
Кентау қаласы және оған қарсты ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдалануды алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар бойынша қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімнің басшысы Қадырхан Төлепбергенов баяндама жасады. Бүгінгі күнге дейін заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларға тосқауыл қою мақсатында 27 рейд шаралар ұйымдастырылған. Нәтижесінде, қала аумағындағы «Бала Бургем» мөлтек ауданы, «Қызыл әулие мазары», «Байылдыр қалдық қоймасы», «Қаратау» мөлтек ауданы және Қосқорған Су қоймасы маңдарынан жер қойнауын заңсыз тасымалдап жүрген ауыр жүк көліктері анықталды. Анықталған фактілер бойынша заң талаптарына сәйкес шара көру мақсатында қалалық полиция бөліміне жолданған.
Күн тәртібінің үшінші мәселесінде қала мен ауылдардағы санитарлы тазалық, абаттандыру және жол мәселесіндегі бірқатар кемшіліктер бойынша қала әкімдігі аппараты басшысының м.а Әшім Елеусізов мәлімдеді.
Апталық аппараттың отырыснда қала әкімі Ж.Тасов дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне санитарлық жағдайды қадағалауда ұстауды негізге енгізді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа оқу жылының басталуына байланысты жол қауіпсіздігін және жол сызбаларын жаңартуды тапсырды.
Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі