Кентау: Барыс балаларымыз не істеп жатыр?

0
3

“Барыс бала” байқауына ең бірінші сенім білдірген Түркістан Қаласының мәслихат хатшысы Мақсат Асылбекұлы болатын. Ал оны жүзеге асыру үшін әрине қаражат қажет болды. Әдеттегідей әкімдіктің баспасөз хатшылары арқылы әкімдерге ұсыныс жолдадым. Сол күні кешке Кентау Қаласының Әкімдігінен Жанна Алимбай әріптесім хабарласып, әкімнің байқауды өткізуді қолдағанын айтты. Сол кездегі әкім Рашид Абатұлының қойған шарты бойынша ең бірінші Кентау қаласының балаларына өткізуім керек болды. Ал мен ол кезде Түркістан облысының балаларына өткіземін деп хабарландыру беріп қойған болатынмын. Шабыты шырқау шегінде тұрған Мақтаарал ауданының қылқалам шебері Абдулла Сұлухан деген ару сіңілім жазбасын жіберіп те қойыпты. Шығармасын оқыған соң жобадан алып тастай алмадым. Көп шығарманың ішінде әділқазыларға шығармасы жол тартты. Ал, әділқазылар қатысушылардың тек жасын ғана біледі. Ол қыздың мақтааралдық екенін білмейді де. Шешім шыққан соң қарасақ Сұлухан қызымыз жүлделі орынға ие болыпты. Ат терлетіп Кентауда келген қызымызды әділқазы төрағасы  Бекжігіт Сердәлі ағам жақсылап халыққа таныстырды. Байқаудан ерекше мотивация алып кеткен сіңілімнен бүгін сүйінші хабар жетті. Мақтаарал ауданының ару қызы Абдулла Сұлухан енді журналистика факультетінің грант иегері. Бұйырса барыс балаларымыз біздің елдің білімді жастарының  қатарынан болмақ. Байқау – баланың болашағына жол көрсете алды. Мен мақсатыма жеттім.

Бізден шыққан барыс балалар тағы не істеп жатыр екен? Жаза кетіңіздер, біле жүрейік.


ПІКІР ЖАЗУ