Созақ: Орталық кітапханада әлем чемпионымен кездесу өтті

0
5

 Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні. Аталған күнге орай, Созақ аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем біріншілігінің төрт дүркін жеңімпазы, Азия біріншілігінің үш дүркін жеңімпазы, Европа біріншілігінің жүлдегері, жас спортшы, аудан мақтанышы, ҚР-ның 8 дүркін жеңімпазы Орынбасаров Қобыланды Сауранұлын оқырмандарға таныстыру бағытында «Спортты жанына серік еткен Қобыланды» атты кездесу кеші өтті.

 Кездесу кешінде оқырмандар спорт саласында үлкен белестерді бағындырып жүрген Қобыланды Сауранұлына сұрақтар қойды. Еркін форматта пікір алмасты. Спорт саласындағы аға буын әріптестері ізгі тілектерін білдірді. Кездесуді қорытындылаған оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Эльмира Қайдауқызы, спорт саласының қызметкерлерін Қоблынды Орынбасаровты кәсіби мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат ұсынып, ілтипат көрсетті.


ПІКІР ЖАЗУ