Түркістанда Орталық Азия еріктілерінің форумы өтті

0

Түркістанға Орта Азияның алты түркі тілдес елінен волонтерлар жиналды. Жалпы форум қатысушылары волонтерліктің жаңа үрдістерін, волонтерлікті дамытудағы Қазақстанның жақсы тәжірибесін талқылайды.

Өңірімізден спикер ретінде “Қазақстанның Медицина Жастары” РҚБ президенті Абылайхан Әбдіраш; Ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс істеудегі құқық қорғаушы Вениамин Алаев; “Жас Қадам” еріктілер ұйымының жетекшісі Қалдаяқ Гүлім Тарғанбекқызы қатысады.

Жалпы форум екі кезеңнен тұрады:

I кезең. Түркістан облысында халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның волонтерлікті дамытудағы тәжірибесін талқылау, үздік волонтерлік жобаларды таныстыру үшін офлайн форматта пікірталас өтеді.

Қатысушыларды білім беру, экология, медицина, жұмысқа орналастыру, инклюзия, бұқаралық спорт, этно-еріктілік, үздік тәжірибелер, шығармашылық аймақ және әлеуметтік шеберхананың жеке бағыттары бойынша ойын практикасы өтеді.

II кезең. Елордада TEDx talks форматындағы қорытынды форум өтеді. Онда панельдік сессиялар, волонтерлік қызмет кеңесі/пулы алаңдары ұйымдастырылып, делегаттар сөз сөйлейді.


ПІКІР ЖАЗУ