Ерекше қажеттілігі бар 5390 азаматқа жеке бағдарлама дайындалған

0

Түркістан қаласында ерекше қажеттілігі бар сегіз мыңнан аса  азамат бар. Оның ішінде 5390-на оңалтудың жеке бағдарламасы түзілген.

Аталған азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты жәрдем түрлері қарастырылған.

Оның ішінде, 271 азамат протез ортопедиялық құралдар, 106- сурдо техникалық, 275 тұрғын тифло техникалық құралдар алса, 255- і арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Одан бөлек, мүгедектігі бар 401 азамат жеке көмекші қызметіне жүгінсе, 95-і ымдау тілі маманы қызметімен қамтамасыз етілген.

Биылғы жылы шипажайға емдеуге 632 адам жолдама алса, 1477 азаматқа міндетті гигиеналық құралдар берілген.

Ал, автокөлікпен тасымалдау үшін 7 инватакси 2 әлеуметтік такси қызмет көрсетеді. Бүгінге дейін инватакси қызметін ерекше қажеттілігі бар 143 азамат, әлеуметтік такси қызметін 8 зағип жан қолданған.

Ерекше қажеттілігі бар тұрғындарды жұмыспен қамту үшін шаһарда биыл 77 квота бөлінген. Бүгінде аталған квота аясында жүйелі жұмыстар атқарылуда.


ПІКІР ЖАЗУ