Ордабасы ауданының әкімі Қараспан ауыл округінің тұрғындарымен кездесті

0

Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Қараспан ауыл округіне қарасты Ақпан, Ынтымақ, Мәдениет, Жұлдыз, Жаңа тұрмыс, Ақжол, Сарыарық, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында ауылдарда шешімін таппаған мәселелермен танысып, алда аталған түйіткілдерді шешу үшін саралау жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

Әуелі Ақпан елді мекені тұрғындарымен пікірлескен аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы ерте көктемде су алған көшелердегі электр бағаналары, ағынсу құбырларын ауыстыру бойынша салалық бөлімдерге тапсырма берді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ