Созақ ауданында жастар күні аталып өтті

0

 16 -тамыз Созақ ауданының – жастар күні. Бұл күн 2001 жылдан бері тойланып келеді.  Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында «Тәуелсіздік» саябағында кең көлемде аталып өтті. Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

«Жастар елдің ертеңі, болашақтың бастауы, мемлекетімізді дамытушы қозғашуы күші. Бүгінде ауданымызда 14-29 жас аралығында 15517 жас бар. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і түрлі шаралар ұйымдастырып, қоғамның барлық саласында белсенді жұмыс істеп жүр. Ізгі істің басында жүретін аудан еркітілері қарттар мен әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып келеді. Жастар мәдени-патриоттық шараларда қашанда алдыңғы қатардан табылады. Өскін ұрпақтың ұлағатты істері біздің мақтаныш сезімімізді оятады»- деген аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, өз саласында үздік нәтиже көрсетіп жүрген жастарды алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.

 Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы Бегімбет Байғараев құттықтау сөз сөйлеп, жастарды алғыс хатпен марапаттады. Аудандық «Amanat»  партиясының Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы  Ернар Сағындық, Түркістан облыстық «Amanat»  партиясы филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты төрағасының алғыс хатын табыс етті.

 Аудан жастарының мерекелік кешінде “Созақ серілері” тобымен танымал тележұлдыз, актер Нұрсұлтан Жақсыген өз өнерін ортаға салды. Кештің қонағы эстрада жұлдызы «Qanay» әсем әннен шашу шашты.


ПІКІР ЖАЗУ