Мақтаарал: аудан басшысы Атакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді

0

ҚР Президентінің “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Атакент кентінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Жиын барысында аудан басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1-қыркүйектегі “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам” атты кезекті Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып өтті. Сондай-ақ, жыл басынан бері ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен жобалар туралы кеңінен ақпарат берді.

Кездесуде Бақыт Насырханұлы халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.

Жиын барысында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Тұрғындар Ташкент көшесі бойындағы лотоктарды ауыстыру, Көпжасаров көшесі бойындағы істен шыққан тік дренажды іске қосу, кентте орналасқан ҰОС ескерткішін меншікке алып, күтіп-баптау жұмыстарын жүргізу, “Мақтаарал” мектеп-гимназиясын күрделі жөндеуден өткізу жөнінде мәселелер көтерді.

Аудан басшысы мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындарға жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауға құқық қорғау органдардың басшылары, тиісті сала басшылары және аудандық мәслихаттың депутаттары қатысып, мәселесін көтеріп келген әрбір тұрғынға қанағаттанарлық жауаптар берілді.

Айта кетейік, қабылдауда болған тұрғындар тазалық мәселесін, көшелерді жарықтандыру, жер мәселесін, әлеуметтік мәселелерді және жеке мәселелерін көтерді.

 Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ