Шардара: Тілдер мерекесі атап өтілді

0
3

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Бұған дейін (1998 жылдың 20 қаңтарынан бастап)  22 қыркүйекте атап өтілетін мереке, 2017 жылғы үкімет басшысының «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысымен 5 қыркүйекке ауыстырылған.

Атаулы датаның өзгеру себебі – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты.

Бүгін осынау айтулы мерекеге орай аудандық мәдениет үйінде концерттік шара өткізілді. Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев және өзге де лауазымды тұлғалар құттықтау сөз сөйледі.

— Тіл ұлттық құжатымыз, тіл –кісілік келбетiмiз. Тәуелсіздікті айрандай ұйытып отырған мемлекеттік тіл. Саяси тұрақтылықтың да негiзгi кiлтi тiлде жатыр. Осыған орай елiмiздiң түкпір-түкпірінде түрлі шаралар өтуде . Мәртебелі тілді ұлықтаған жиындардың мақсаты бір. Мемлекеттік тілдің негізгі  факторы екенін ұғындыру. Қазақ тілін даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете бiлгенiмiз жөн.Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту бағытындағы шаралар тек қана тілдер мерекесі қарсаңында ғана емес,  жыл бойы жүргізіледі.

Тілі, ұлты, діні әртүрлі болғанымен, отаны бір халқымыздың бірлігі әрқашан нығая берсін!»- деді Б.Шомпиев.

Сондай-ақ,  тіл дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар аудан әкімінің және мәслихат хатшысының Алғыс хаттарымер марапатталды.

Мерекелік жиында әсем ән шырқалып, балалар мың бұралған биімен сахнаның көркін қыздырды.

(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ