Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды іске асуда
Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұт жауапты мамандармен бірге аудан аумағындағы орта білім беру мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығын пысықтау мақсатында біршама білім нысандарын аралап шықты.
Бірінші кезекте құрылыс жұмыстары іске асып жатқан аудан орталығында 300 орындық Майлыкент және Абайыл ауылындағы 100 орындық Н.Қасымбеков атындағы бастауыш мектебінде болып, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.
Бүгінгі таңда аудан орталығындағы Майлыкент мектебінің құрылыс жұмыстары 70 пайызға(жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде), ал Абайыл ауылындағы мектептің құрылысы 90 пайызға аяқталып отыр(жаңа оқу жылына пайдалануға беріледі деп күтілуде).
Аудан басшысы аралау барысында жауапты мердігер өкілдеріне қос нысанның сапалы, әрі мерзімінде аяқталуын ескертіп, Абайыл ауылындағы жаңа білім ордасының құрылысын қарқындату мақсатында жұмысшылар саның арттыруды тапсырды.
«Қыстың қамын жазда ойла» демекші, содан соң Нұрлан Мархабатұлы жылу жүйесінде ақаулар орын алған мектептерді аралап, жаңа оқу жылына дейін кемшіліктерді жоюды тиісті бөлім басшысына тапсырды.
Бүгінде ауданымзда 9 мектептің ескірген жылу қазандықтарын ауыстыру мен жылу жүйесіндегі ақаулықтарды ретке келтіру жұмыстары іске асуда.
Олар, «А.Пушкина», «А.Гайдар», «А.Оразбаев», «М.Бағысбаев», «М.Лермонтов», «Б.Момышұлы», «Дауан» және «А.Макаренко» атындағы жалпы орта мектебі.
Түлкібас ауданы әкмдігінің баспасөз қызметі