Түлкібаста мектеп жәрмеңкесі өтуде
Бүгін таңертеңгі 9-00 ден бастап Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылының орталық алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мен қонақтары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады.
Бұл жерде «Алатау текстиль», «Заря» және т.б. отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.
Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 50%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың ыңғайлылы үшін арнайы киімді киіп көретін орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі