Шардарада мектеп жәрмеңкесі өтуде
Мектепке жол» Республикалық акциясы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 20-21 тамыз күндері Шардара орталық базары маңында мектеп қажетті тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің мақсаты – жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде оқушылардың мектеп тауарларын төмен бағамен сатып алуына көмек көрсету. Бүгін таңертеңгі 09:00-ден бастап Шардара ауданы Астана сауда орталығы алаңында мектеп жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде аудан тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті барлық канцеляриялық құрал-жабдықтарды арзан бағада сатып ала алады. Бұл жерде «Гауһар», «Бақыт» және тағы да басқа отандық тауар өндірушілер жасап шығарған мектеп формасы мен аяқ киімнің түр-түрі сатылуда. Баға базардың бағасынан анағұрлым төмен.
Канцеляриялық құрал-жабдықтар 10%-дан 15%-ға дейін, мектеп формасы 10%-ға дейін, аяқ киім 10%-ға дейін, ал сөмкелер 20%-ға дейін жеңілдікпен сатылуда. Атап айтқанда, дәптер нарықта 40 теңге болса жәрмеңкеде 30 теңге, қалассап 80-50, сөмке 7000-3000, көйлек 4000-2800, шалбар 4000-3500 және аяқкиім 7000-5000 теңге арзан сатылуда.
Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан шарада тұрғындардың қолайлылығы үшін арнайы киім өлшеуге арналған орындар әзірленіп, мәдениет үйінің қызметкерлері тарапынан әуендер орындалуда.
(с) Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі