Шардара: Мәжіліс депутаттары ауданда болды

0

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Құдайберген Ержан және Іляс Жүсіпұлы ауданда болды.Халық қалаулылары бірінші Ақшеңгелді ауылдық округіне барып, шаруалармен кездесті. Сондай-ақ, ауылдық округтегі мақта өсіруші «Бенс» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ол жерде шаруалар тарапынан тыңайтқыш, ағын су және субсидияға байланысты мәселелер көтеріліп, Д.Мыңбай әр сұраққа толыққанды жауап беріп, оны шешу бойынша тиісті жұмыс атқаратынын айтты. Сонымен қатар Шардара қаласындағы “Қасиет» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында болып, ауданның ардагерлерімен кездесті.

Мәжілісте аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қыстау Ілесов зейнетақы, қоғамдық ұйымдар, ауған соғысы ардагерлері мен ҚР «Еңбек ардагері» төсбелгісінің статусының мәселелерін айтты. Депутаттар осындай бірнеше өзекті мәселелерге тоқталып, шешу жолдарын талқылап, ұсыныс ретінде Үкіметке жеткізетінін атап өтті. Сондай-ақ, халық қалаулылары жалпы ел саясаты мен экономикалық даму жолын тарқатып айтып, ынтымақты сақтау ең басты құндылық екенін жеткізді. Қ.Ержан аудандағы өзекті деген газ, ауыз су, кәріз және ағын су мәселелеріне тоқталып, бюджеттен қаржыландыру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

(с) Шардара ауданы әкімнің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ