Қазығұрт: аудан әкімі А.Абдуллаевтың бүгінгі іс-сапары Қазығұрт, Қарабау, Алтынтөбе, Жігірген ауыл округтерінде жалғасты
Ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік грант алып, шаруасын дөңгелетіп жатқан аудан тұрғындарының жұмыстарымен танысты. Алдымен Қазығұрт ауыл округіндегі тәтті тағамдар цехы, сүт өнімдерін қайта өңдеу, тігін шеберханасы, ваза, сувенир жасайтын және жылқы басын көбейтіп, саумалмен айналысып жатқан азаматтардың жұмыс барысымен танысты. Содан соң Қарабау ауыл округідегі дәнекерлеу, металл жонушы токар жұмысын аралап көрді. Алтынтөбе ауыл округіндегі көлік жөндеу шеберханасында болды. Жігірген ауыл округінде тәтті тағамдар цехында болып жұмыс барысымен танысты.
Аудан әкімі бұл жобаның негізгі мақсаты қарапайым ауыл тұрғындары үшін өзін-өзі жұмыспен қамту тиімділігі өте мол. Өйткені бұл жобаға жұмыссыз жастар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға үлкен мүмкіндік деді аудан әкімі.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.