Мақтаарал ауданы прокуратурасымен жер заңнамасы бойынша жүргізілген талдау нәтижесі туралы
Аудан прокуратурасымен жер учаскелерін табыстау заңдылығына және жер заңнамасының қолданылуына талдау жүргізілді. Талдау барысында белгісіз тұлғалар Мақтаарал ауылдық округ әкімінің 5 шешімін жалған қолдан жасау арқылы жер учаскелерін заңсыз табыстағаны анықталды. Мысалы белгісіз тұлғалар азамат Аширбековке Мақтарал ауылдық округі әкімінің 28.12.2010 жылы №334 санды шешімін заңсыз қолдан жасап берген.
Алайда Жетісай өңірлік мемлекеттік архивінің хатына сәйкес Мақтарал ауылдық округінің 2010 жылғы шешімдерді тіркеу журналында 28.12.2010 жылғы № 334 шешімі жоқ екенін, Мақтарал ауылдық округі әкімінің 2010 жылға арналған шешімдерді тіркеу журналында 28.12.2010 жылғы тіркеуінде шешімдер №320 санымен аяқталғанын және ол тізімде №334 санымен тіркеу нөмірі мүлдем сәйкес келмейтіні, заңсыз рәсімделгені расталған.
ҚР Жер кодексінің 43-бабының 1-бөлігі 4), 6) тармағына сәйкес осы Кодекстің 44-1-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жерден құқық беру мынадай тәртіппен жүргiзiледi: жер комиссиясының қорытындысын дайындау арқылы; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесiне құқық беру туралы шешiм қабылдауы арқылы жүзеге асырылады; Алайда жоғарыда көрсетілген заң талаптары өрескел бұзылып жер учаскесін табыстау туралы шешім қолдан жалған жасау арықылы табысталған. Аталған дерек бойынша жинақталған іс-құжаттар Мақтаарал АПБ-не жолданып, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 385-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Қазіргі таңда прокуратурамен жоғарыда көрсетілген заңсыз табысталған жер учаскелерін мемлекетке қайтару бағытында жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын жер учаскелерін сатып аларда олардың заңдылығын құзырлы органдар арқылы мұқият тексеріп алуды сұраймыз.
Мақтаарал ауданы прокуратурасы