Елді мекендердің тазалығы басты назарда

0

Бүгін аудан әкімі Нұрлан Байғұттың төрағалығымен өткен кезекті лездемелік жиында аудан аумағындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды тастайтын орындарының (полигон) жағдайы мен елді мекендердегі санитарлық тазалық жұмыстары және Майлыкент пен Арыс ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Өткен айдың аяғында арнайы жұмысшы топпен аралау барысында аудан аумағында 81 бей-берекетсіз күл-қоқыс орындары анықталып, қазіргі таңда соның 79 ретке келтірілген. Бұл жайында аудандық ТҮКШЖК және АЖ(ЖКХ) бөлімінің басшысы А.Бесейев мәлімдеді.

Сонымен қатар, аппараттық басқосуда алдынғы лездемелік жиында қаралған аудан аумағындағы үгіт-насихат құралдарының және Мемлекеттік рәміздерге қатысты анықталған кемшіліктердің орындалуы қаралды. Бұл бағыт бойынша ішкі саясат бөлімі тарапынан арнайы мониторинг жұмыстары жүргізіліп, жиында баяндалды. Яғни, мониторинг нәтижесінде анықталған кемшіліктердің 70 пайызы ретке келтірілген, қаржыны және уақытты талап ететін жұмыстар қалып отыр. Мәселені ескеріп, аудан әкімі аталған кемшіліктерді жоюуға тағыда бір апта мерзім белгіледі. Жиынның күн тәртібіндегі соңғы мәселелер болып Майлыкент және Арыс ауылдық округіндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды. Бұл жерде ауыл әкімдері мемлекеттік бағдарламалардың іске асуы,  тұрғындардан түскен өтініш-ұсыныстардың орындалуы мен жаңа жұмыс орындарының ашылуы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысын баяндады. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі тұрғындар өтінішін және аудан әкімдігі тарапынан ауыл тазалығына қатысты берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындамаған ауыл әкімдеріне қатаң ескерту жасады. Барлық ауыл әкімдеріне тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырып, жауапты бөлім басшысына қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын арнайы орындарды(полигон) талапқа сай ету мақсатында тиісті құжаттарды дайындауды жүктеді.  Халық тарапынан түскен өтініш-ұсыныстардың орындалуы мен жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмыстардың атқарылуы қатаң бақылауда болатындығын ескертті.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі


ПІКІР ЖАЗУ