«Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті.

0

Бүгін, Төлеби ауданы әкімінің қолдауымен Төлеби аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мәдени ауылдық клубында Шәмші Қалдаяқовтың ұмыт қалып, айтылмай жүрген шығармаларын халық арасында насихаттау, ән өнерін дамыту, қазақ әндерін орындаушылар арасында жас талант иелерін анықтау, кәсіби бағдар беру, жеке тұлғалардың қалыптасуына ықпал ету мақсатында таланттарымыздың өнерін сынға салатын аудандық «Ақсудан ұшқан аққуым» атты ән байқауы өтті.

Байқаудың бастауы Ш.Қалдаяқовтың осы Мәдени еліне Ақсу өзенінің бойына келген кездегі туындаған шығармасы Жоғарғы Ақсу ауылдық оругінің әнұранына айналған «Ақсудан ұшқан аққуым» әнін іс – шараға келген ауыл тұрғындары мен байқауға қатысушы үміткерлердің орындауымен бастау алды.

Байқауға алдын – ала іріктеуден өткен 12 үміткер қатысып, өз бақтарын сынға салды.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей нәтиже шығарылды:

І – ОРЫН Сәрсенбай Айғаным (Қайнар ауылдық клубы)

ІІ – ОРЫН Жасұзақ Әсел (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі)

ІІ – ОРЫН Сұлтанқұл Еркеғали (Оңтүстік ауылдық клубы)

ІІІ – ОРЫН Бүркіт Бейбарыс (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Алпысбай Толғанай (Сарқырама ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Рахматулла Ақнұр (Зертас ауылдық мәдениет үйі)

ІІІ – ОРЫН Мамытбекова Шолпан (Бірінші Мамыр ауылдық мәдениет үйі)

Қалған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды.


ПІКІР ЖАЗУ