Қазығұрт: Ащыбұлақта еркін форматта кездесу өтті

0

Аудан  әкімі Арман Абдуллаевтың халықпен кездесуі – Қазығұрт ауылдық округінде жалғысты. Алдымен аудан әкімі ауыл округіндегі бір қатар құрылыс нысандарын аралып шықты. «Табыс» және «Қазына» көшелерін ауыз су құбырының ағымдағы жөндеуін, «Темірлан», «Қажымұқан-2» көшелерінің электр жүйелерінің құрылысы жұмыстарын бақылады. Содан соң Ащыбұлақ елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жарлығына сәйкес, аудан әкімінің халықпен өткізетін кездесуі сұрақ-жауап форматында ұйымдастырылып, оған ауыл халқы, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Жиын барысында елді мекендегі ағын су, көшелерге жарық орнату, ауыз су, жайлым жер, мектеп алдына жол кедергілерін қою, мемлекет тарапынан берілетін грант беру мәселелері айтылды. Айтылған ұсыныс-пікірлерді аудан әкімі Арман Айдарұлы мұқият тыңдап, барлығына жауап берді. Бұл мәселелер үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатындығын жеткізді.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


ПІКІР ЖАЗУ